Алматыда қос ауруханаға «мина» қойылды

Наима Нұрәлі

Қазір медициналық мекемелер қалыпты жұмыс режиміне көшті

Фото: inbusiness.kz

Белгісіз біреулер екі ауруханаға жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Артынша науқастар мен қызметкерлер эвакуацияланды. Алайда тексеру барысында хабар расталмады. Яғни ауруханадан мина табылған жоқ.

Таңғы сағат 10:57-де екі нысанның жұмысы тоқтатылды. Тексеру барысында жарылғыш құрылғылар табылмады. Сондықтан медициналық мекемелер қалыпты жұмыс режиміне көшті, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір жалған ақпарат таратқан азамат іздестіріліп жатыр. Күдікті қолға түссе, ҚР ҚК 273-бабына сәйкес (лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату) қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қолданыстағы заңнамада ірі көлемде ақшалай айыппұл, бас бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.