×

Ақтөбе облысында бұрын-соңды болмаған вирустан сиырлар қырылып жатыр

Ветеринарлар вирустың өте қауіпті екенін мойындайды

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 11:22
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының Көкүй ауылында ірі қара қырыла бастады. Сиырлары арам қатқан елді мекеннен қазір ет, сүт өнімдерін шығару мен пайдалануға тыйым салынған.

Сараптама ірі қараның вирусты диареядан өлгенін растады деп хабарлады КТК телеарнасы. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай өңірде алғаш рет тіркеліп отыр. Дегенмен вирустың өте қауіпті екенін мойындайды. Сондықтан шектеу шаралары қолға алынған. Ауылдан мал атаулы шығарылмайды және сырттан кіргізілмейді.

Малдың қызуы көтеріледі, асқазаны ауырады, диарея басталады. Инфекциялық аурудың таралу қаупі әрдайым бар. Бірақ шектеу шараларын қолданғаннан кейін бұл ауру тоқтайды деп ойлаймыз, - дейді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқарамасы басшысының орынбасары Иса Базаров.

Бұл ретте шектеу шарасы әзірге бір айға белгіленген. Осы уақыт ішінде ауылдағы барлық ірі қараға вакцина салынып, қора-қопсыны дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама