Елордадағы СПА-салонда интимдік қызмет көрсетіліп келген (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 12 азамат полицияға жеткізілді

фото: ашық дереккөз

Елордада интимдік қызмет көрсетілген СПА-салонның заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, полицейлер Есіл ауданы аумағындағы СПА-салон қызметкерлерінің клиенттерге интимдік қызмет көрсеткенін «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында әшкерелеген.

«20-29 жас аралығындағы қыздар мен салон әкімшісі анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 12 азамат полицияға жеткізілді», - делінген хабарламада.