ҚТЖ қызметкері әлемдегі ең үздік ЖОО-ның бірінде оқуға грант алды
Биыл 22 елден 26 қатысушы осы оқуға іріктеуден өтті
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жобалар портфелін басқару департаментінің бас менеджері Сәуле Әлкеева Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінде оқуға грант алды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Кореядағы Seoul National University of Science and Technology әлемнің үздік 5 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Биыл 22 елден 26 қатысушы оқуға іріктеуден өтті. Сәуле Әлкеева бірнеше жыл қатарынан осы үлкен жетістікке жетуге еңбектенді.
Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетіндегі теміржол көлігі жоғары мектебі Корея үкіметінің шетелдік мемлекеттік теміржол қызметкерлеріне арналған стипендия бағдарламасын жариялады. Оқу бағдарламасы 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың тамызына дейін өтеді.
Оқытудың басты мақсаттары – жоғары жылдамдықты темір жолдар саласындағы соңғы технологиялық әзірлемелермен танысу, корей темір жолдарының саясаты мен басқаруын зерделеу, темір жол саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу, жаһандық темір жолдар желісі мен жоғары жылдамдықты темір жолдар саласында Кореямен болашақ ынтымақтастықты нығайту.
Корея қысқа мерзім ішінде айтарлықтай экономикалық нәтижелерге, соның ішінде темір жолдарын дамытуға қол жеткізді. Олар әлемдік рейтингте алға шықты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында компаниянымызды мультимодальдық холдингке айналдыру қажеттігі туралы айтқаны мәлім. Тиісінше, осы жұмыс аясында көптеген жобалар жүзеге асырылады. Менің Seoul Tech-тегі алған білімім осы трансформацияға өз үлесімді қосуға көмектеседі деп сенемін, – дейді Сәуле Әлкеева.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҰБТ-дан ең жоғары балл алған атыраулық түлек Кореяға оқуға түскенін жаздық.