×

Ресейдің Қырымдағы қару-жарақ қоймалары дүркін-дүркін жарылып жатыр

Ресей Қорғаныс министрлігі бұл жарылыстарды «қаскүнемдік» деп атады

 Еркеғали Болатұлы 17.08.2022 | 12:21
фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский Қырым тұрғындарын ресейлік әскери нысандарға жақындамауға шақырды. Өйткені оларда тағы да жарылыс болуы мүмкін.

Ал Ресей Қорғаныс министрлігі кеше Джанкой ауданының Майское ауылы маңындағы қару-жарақ қоймасында болған жарылыстарды «қаскүнемдік» деп атады.

Қазір сол оқиғалар салдарынан теміржол зақымданып, Қырымда пойыздар тоқтаған. Сондай-ақ электр станциясы істен шығып, үйлер қирап, база маңынан 2 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшіріліп отыр.

Еске сала кетсек, өткен аптада Қырымдағы Ресейдің «Саки» аэродромында болған бірнеше жарылыстан 11 әскери ұшақ жойылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама