×

Қырымда тағы қару-жарақ қоймасы жарылды

Оқиға Жанкой ауданында болды

 Дастан Жұмабекұлы 16.08.2022 | 18:06
фото: slovoidilo.ua

Бүгін Қырымның Жанкой ауданында жарылыс болды.

Бұл туралы «The Moskow Times» порталы хабарлады.

Жергілікті билік БАҚ-ты қазір оқиға болған ауданның бес шақырымдық аумағынан жұрттың көшіріліп жатқанынан хабардар етті.

Жанкойдың өзінде жарылыс даусы шыққаннан кейін трансформатор подстанциясы отқа оранса, Май кентінде қару-жарақ қоймасы жарылып кеткен.

16 тамыз күні сағат таңғы 6.15 шамасында Май елді мекеніндегі әскери бөлімшелердің бірінде уақытша қару-жарақ сақтау қоймасы жанып кетті, – деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Май аумағында эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазірге дейін екі мыңнан астам адам көшірілді. Жұрттың көбісі өз көліктерімен кетіп бара жатыр.  

Жергілікті әкімшілік кенттің жанындағы бұрынғы фермаға әскери нысан орналасқанын атап өтті.

Ресейдің тағайындаған Қырымның басшысы Сергей Аксенов екі оқиғадан екі адамның зардап шеккенін айтты. Біреуі жарықшақтан жарақат алған, екіншісі құлаған қабырғаның астында қалып қойған.

Шенеунік Қырымдағы пойыздардың бағыты қысқартылатынын айтты. Составтар Феодосия түбіне барып тоқтайды. Ал одан әрі халық автобуспен кетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама