×

Боксшылардың жекпе-жегіне 80 млн доллар тігілді

Усик пен Джошуаның гонорары жарияланды

 Дастан Жұмабекұлы 16.08.2022 | 16:57
фото: sport.24tv.ua

Ауыр салмақта WBA Super, IBF және WBO чемпионы Александр Усик пен британиялық Энтони Джошуаның арасындағы жекпе-жектің гонорары жарияланды.

Бұл туралы championat.com хабарлады.

Жекпе-жек 20 тамыз күні Сауд Арабиясының Жидда қаласында болады.

Бұл кездесу үшін Джошуа 2019 жылы Энди Руиспен жекпе-жектен тапқан гонорарынан аз алады екен. Алайда бұл жолғы айқастың жүлде қоры айтарлықтай көбейген.  

Мәселен, ол кезде арабиялық инвесторлар 60 миллион доллар берген. Ал осы жолы 80 миллион тігіп отыр. Бұл айқаста боксшылар гонорарды 40 млн доллардан тең бөліп алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама