×

Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың тізімі жарияланды

Олардың қалай қаза тапқаны туралы мәлімет берілмейді

 Дәурен Ерболат 16.08.2022 | 17:05
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Бас прокуратурасы Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаңтар оқиғасында 238 адам қаза тапқан.

Олардың ішінде қылмыскерлер, кінәсіз адамдар да бар. Біз әрбір фактіні жан-жақты тексеріп жатырмыз. Қазір біз 176 адамның қалай қаза болғанын анықтадық. Тергеу жалғасып жатыр. Оның ішінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында  күштік құрылымның 19 қызметкері көз жұмған. Олар қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік объектілерді қорғауда, өзінің қызметтік міндеттерін орындауда қаза тапты, ал кейбір қызметкер жаппай ұрып-соғуға тап болған, – деді Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен брифингте.

Айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз борышын атқару, жаппай ұрып-соғу, көлікпен басып өту, қарусыз болса да оқ ату салдарынан қаза болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама