×

«Үркер туса...». Елімізде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді

Бағбандар бақшасын «қыркүйек соқты» деп жататын үсік биыл ерте жеткелі тұр

 Еркеғали Болатұлы 15.08.2022 | 17:57
фото: ашық дереккөз

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігі мен шығысында -2 градус үсік жүреді деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Алдағы тәуліктерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Аптаның ортасына қарай температуралық фон біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде -С-қа дейін үсік күтіледі, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, қазақ халқы күз мезгілінің бастауын Үркер жұлдызының қозғалысына байланысты анықтаған. Түлік күйекке түсер айда (қыркүйек – «қырық күйек» деген сөз) сол Үркер көкке өрлеп туады. Тамыз айынан бастап біртіндеп көтеріле береді. Күздің алғашқы белгілеріне қатысты «Үркер туса – таң суиды, Сүмбіле туса – су суиды» деген тәмсіл содан туған.

Демек, бағбандар бақшасын «қыркүйек соқты» деп жататын үсік биыл ерте жеткелі тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама