×

Мәдениет қызметкерлеріне арналған UMAI сыйлығы тағайындалды

Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды.

 Халық үні 13.08.2022 | 18:55
Фото: sxodim.com

Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығы тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ақтөбе тұрғындарымен кездесу кезінде мәлімдеді.

Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды.

Сыйлық театр, музыка, хореография, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.

Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және «Үздік музыкалық-драмалық спектакль» және «Үздік балет спектаклі» номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады.

Министр жақын арада министрлік тарапынан аталмыш сыйлық туралы толық ақпарат берілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама