V Исламиада: таэквондошы Жансель Дениз қола жүлдегер атанды

Дастан Жұмабекұлы

Ол үшінші орынды иорданиялық спортшымен бөлісті

фото: ашық дереккөз

Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында таэквондошы Жансель Дениз қола жүлдені жеңіп алды.

Ол 73 килодан жоғары салмақ дәрежесінде иорданиялық Рама Або-Алрубпен үшінші орынды бөлісті. Бұл салмақта алтын медальді Узунчавдар Суде (Түркия) жеңіп алса, екінші орынды Ливан спортшысы Селман Вард иеленді.

Бұған дейін 54 кг дейінгі салмақта Жасұрбек Қылышов қола жүлдені алған болатын.