×

V Исламиада: Қазақстанның қоржынына жетінші алтын жүлде түсті

Ауыр атлетикадан 55 кг салмақта сынға түскен Арли Чонтей чемпион атанды

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2022 | 18:30
фото: ашық дереккөз

Бүгін Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде түсті.

Ауыр атлетикадан 55 кг салмақта сынға түскен Арли Чонтей қоссайыс қорытындысында 253 кило көтеріп, Ислам ойындарының чемпионы атанды. Екінші орында – 252 кг көтерген Мансаур Алсалим (Сауд Арабиясы). Үшінші орында – Сатрио Нугрихо (Индонезия). Оның көрсеткіші –  244 кг.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама