КХДР Ресейге соғыс үшін 100 мың «ерікті» беруге дайын

Дастан Жұмабекұлы

Пропагандистер бір-бірлерінен сүйінші сұрап жатыр

фото: militaryarms.ru

Солтүстік Корея Ресейге Украинадағы соғысын жалғастыра түсу үшін 100 мың «еріктіні» жіберуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы «УНИАН» порталы хабарлады.

Ресей пропагандистері КХДР-дың осындай қадамға барғалы жатқанын айтып, бір-бірлерінен сүйінші сұрап жатыр.

Олардың айтуынша, Солтүстік Корея Ресейдің Украинадағы соғысына қолдау көрсету үшін 100 мың солдатын жібереді. Ресейдің мемлекеттік телевидениесі осындай хабар таратып жатыр.

Солтүстік Кореяның 100 мың еріктісі келіп, соғысқа қатысуға дайын екені туралы дерек бар, – деді «Ұлттық қорғаныс» журналының бас редакторы Игорь Коротченко Ресейдің телеарналарының бірінің эфирінде.

Ол сонымен бірге Солтүстік Корея өзінің украин фашизмімен күрес жөніндегі халықаралық міндеттемесін орындауға тілек білдірсе, бұған мүмкіндік беру керектігін айтты.