Halyq Uni логотип
×

Ұзынағаштағы атыс: күдіктілерге іздеу жарияланды

Ішкі істер министрлігі 4 адамға іздеу салды

 Динара Амантай 10.08.2022 | 12:35
Ұзынағаштағы атыс: күдіктілерге іздеу жарияланды
Фото: polisia.kz

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге соттың санкциясымен іздеу салынады. Бұл туралы ІІМ-нің ақпараттық сайты хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше Алматы облысы ПД келесі азаматтарға іздеу салады:

- Козыбаев Гани Муратұлы – 31 жаста, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;

- Аскар Жаныбекұлы Тыныштыков – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;

- Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;

- Нурсултан Бахтиярулы Аукенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұзынағашта атыс салдарынан 1 адам көз жұмғанын хабарлаған едік. Сонымен бірге полиция Ұзынағаштағы атысқа не түрткі болғанын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама