45 мың доллардың бензинін заңсыз сатпақ болғандар анықталды
Күдіктілер мұнай өнімін жанармай қоспасы деп көрсеткен
Қазақстанда 45 мың доллар тұратын 50 мың тонна бензинді Өзбекстанға заңсыз сатпақ болған күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 млн теңген болатын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна тәркіленді. Олар бензинді жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған.
Сараптама нәтижесінде темір жол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензин екені анықталды.
Келісім шарт бойынша шетел компаниясының пайдасына Қазақстаннан жалпы сомасы 45 млн доллар болатын 50 мың тонна бензин экспорттау жоспарланған. Тергеу жалғасып жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.