×

«Bayraktar» шығаратын зауыт ашылады

Түрік компаниясы беспилотниктің өндірісі үшін Украинадан жер сатып алды

 Дастан Жұмабекұлы 10.08.2022 | 09:34
фото: inventure.com.ua

Түркияның «Baykar Makina» компаниясы «Bayraktar» беспилотнигі зауытын салу үшін Украинадан жер сатып алды.

Бұл туралы «РБК-Украина» хабарлады.

Украинаның Түркиядағы елшісі Василь Боднар агенттікке берген сұхбатында осы туралы былай деді:

«Байрактарлар» – өте маңызды қару. Енді оны шығаратын зауыт өзімізде салынады. Үкімет өткен аптада ғана екі жақты келісімді мақұлдады.

Сонымен бірге ол түрік компаниясы иесінің зауыттың жобасын жасап қойғанын, оны жыл соңына дейін бітіруге дайын екенін айтты.

Украинада соғыс жүріп жатқанына қарамастан, екі жақты компаниялар да өз міндеттемелерін іске асыруды мақсат етіп отыр.

26 шілдеде Түркияның БАҚ-тары Ресей президенті Владимир Путиннің Түркия президенті Реджеп Ердоғанға «Bayraktar» өндірісін Ресейде де ашуды ұсынғанын жазды. Кейінірек Түркия қорғаныс өнеркәсібі басқармасының бастығы Исмаил Демир биліктің жоспарында мұндай нәрсе болмағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама