Halyq Uni логотип
×

Астанада полициядан қашқан жүргізушіге сот үкімі шықты

Олар бірнеше дүкеннен сыра алып, ақшасын төлемеген

 Дәурен Ерболат 09.08.2022 | 16:08
Астанада полициядан қашқан жүргізушіге сот үкімі шықты
Фото: goldenmost.ru

Нұр-Сұлтанда жол ережесін өрескел бұзып, полициядан қашқан жүргізушіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша мас күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ полицейдің талабына бағынбағаны үшін жүргізуші мен оның жанындағы жолаушыны тағы 3 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады. Олар әкімшілік қамауға алынғандар отыратын арнайы жерге орналастырылды.

Еске салайық, кеше елордада полицейлер Toyota Camry-ді қуып жүріп, әрең тоқтатқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама