Оралдық кәсіпкердің өлімі: полиция күдіктілерді ұстау сәтінен видео жариялады
Күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оралда кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдіктілердің ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Айта кетейік, 2022 жылдың 6 тамызында Оралдағы дәмханалардың бірінде кәсіпкер кісі қолынан қайтыс болды. Оқиғаның қалай болғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Содан кейін қылмысқа қатысы бар екі күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізілді.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин 8 тамыз сағат 10:30 шамасында Орал қаласы Көктем саяжайында осы қылмысты жасаған күдіктілер – 1991 жылы туған және 2001 жылы туған екі азамат құрықталып, полиция департаментіне жеткізілгенін хабарланды.
Полицияның хабарлауынша, аталған қылмыс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне («Адам өлтіру») бойынша қайта сараланды. Бұл бап бойынша 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.