×

Израиль Газа секторына шабуыл жасады

Әуе соққысы нәтижесінде «Исламдық жиһад» ұйымының жоғары лауазымды шенеунігі қаза тапқан

 Халық үні 06.08.2022 | 11:33
Фото: ашық дереккөздерден

5 тамыз күні түстен кейін Израиль қорғаныс күштері (IDF) палестиналық Хамас исламдық қозғалысы басқаратын Газа секторына шабуыл жасады.

Euronews басылымының хабарлауынша, әуе соққысы нәтижесінде «Исламдық жиһад» ұйымының жоғары лауазымды шенеунігі қаза тапқан. Одан бөлек, тағы жеті адам, оның ішінде бес жасар қыз қаза тапты.

Израиль «Таң шапағы» операциясының басталғанын жариялады. Нәтижесінде қарулы күштер жауынгерлік ұшақтар мен ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланып, Газа секторындағы алты әскери нысанға соққы берді.

Мұның барлығы Исламдық жиһадтың жақында ғана қозғалыстың жоғары лауазымды мүшесінің тұтқындалуына жауап ретінде Израильді бомбалаймыз деп қорқытуымен байланысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20