СҚО-да 50 миллион теңгеге салынған скейт-парктің бірнеше айға жетпей күл талқаны шығып жатыр

Халық үні
фото: петропавловск.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет және демалыс саябағына салынған скейт-парк бірнеше айға жетпей күл талқаны шығып жатыр, деп хабарлайды 31 арна.

Бюджеттің 50 миллион теңгесіне салынған аядай ғана алаңның қазіргі күйі қорқынышты. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер сырғанайтын алаңға құдды бір бомба түскендей бетоны жарылып, арматуралары бетіне шығып кеткен.

Ата-аналар болса бұл алаңды не дереу жөндеп, немесе бұзып тастамаса балалар жарақат алуы мүмкін дейді.