×

Белгілі актрисаны алдап кетті: Алматыда «науқас» баланың еміне ақша жинаған 2 қыз ұсталды

22 және 23 жастағы қыздар әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

 Халық үні 05.08.2022 | 21:31
ашық дереккөзден

Алматыда “науқас” баланың еміне ақша жинаған екі қыз ұсалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Белгілі блогер әрі актриса Дарья Александрова алаяқтық туралы Әуезов аудандық полициясына шағым түсірген. Оның айтуынша, екі бойжеткен науқас балаға көмек сұрай отырып, қолдан жасалған құжаттарды пайдаланып, парақшасына пост жариялауға көндірген. 

Блогердің үлкен аудиториясы жанашырлық танытып, белсенді түрде ақша аударған.

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша осы қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды. Олар Ақмола облысының тұрғындары. Алғашқы жауап алу кезінде қыздар өз іс-әрекеттерін мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Күдіктілердің бірі спортшы, таэквандомен айналысқан. Бұрын оның ұрлық жасап, жауапқа тартылғаны белгілі болды. Оның құрбысы маникюр жасау шебері екен. Қазір тергеушілер олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Дарья Александрова Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, алаяқтарды ұстаған полицейлерге алғыс айтты. 



 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама