×

Жақында елімізде ет, сүт, жұмыртқа бағасы алтынға теңесетін жағдайға жетеді - Алмазбек Садырбаев

 Халық үні 05.08.2022 | 18:33
ашық дереккөзден

SHOPAN ATA Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығы дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Алмазбек Садырбаев ел аштыққа ұшырайды деген болжам жасады. 

Бұл туралы ол Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында айтты.

Барлығы аштық болатындай жасалып жатыр. Экономикалық жағдай қиындап, азық-түлік қымбаттап жатыр. Биліктегілер шаруашыларға тек қиындық тудырып жатыр. Аш халықтан не күтуге болатынын бәріміз жақсы білеміз. Бұл қанттан басталды, онда орыстар немесе белорустар еліміздің сүт индустриясын, құс және мал шаруашылығын құлатпайтынына қандай кепілдік бар? Жақында бізде ет, сүт, жұмыртқа алтынға теңесетін жағдайға жетеміз. Сондықтан көрші елдерге үмітпен қарағанша, өзіміздің шаруаларға қолдау көрсетуіміз керек, - деді Алмазбек Садырбаев.

Сонымен қатар ол Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі мүддесін қорғайтын институт жоқ екенін, бүкіл табысты агроалигархтар алып отырғанын айтты. Алмас Садырбаев олармен күресетін уақыт жетті деп есептейді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама