Тізімде оның отбасы да бар
ҚХР Сыртқы істер министрлігі Тайваньға барған АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиге санкция салуға уәде берді, деп хабарлайды РИА Новости.
Нэнси Пелоси Қытайдың қатты алаңдаушылығы мен наразылығына қарамастан Тайваньға барды. Осылайша, ҚХР-дың ішкі саясатына араласып, егемендігі мен аумақтық тұтастығына айтарлық нұқсан келтірді, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ СІМ АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері «бір Қытай» қағидатына «ауыр соққы» жасағанын, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіргенін атап өтті.
Нэнси Пелоси мен оның отбасына санция салу туралы шешім «ҚХР-дың тиісті заңнамасының негізінде» қабылданған.
Айта кетейік, 2 тамызда АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Қытайдың наразылығына қарамастан Тайваньға барған еді.
Қазақстан бұл мәселеде ҚХР-ды қолдайды.
Сондай-ақ 1 тамызда Қытай Сыртқы істер министрлігі Нэнси Пелоси Тайваньға барса, ҚХР әскері «қол қусырып, қарап отырмайтынын» мәлімдеген болатын.