×

Қытайдың бес зымыраны Жапонияға түсті

Күншығыс елі оған дипломатиялық жолмен ғана наразылық білдірді

 Дастан Жұмабекұлы 05.08.2022 | 14:36
фото: ашық дереккөз

Қытайдың АҚШ Конресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына наразылық ретінде бастаған әскери жаттығулары кезінде бес баллистикалық зымыраны Жапонияның ерекше экономикалық аймағына түсті.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Осы оқиғаға байланысты Жапония дипломатиялық жолмен Қытайға наразылық білдірді.

Қазір Жапонияда Нэнси Пелоси ресми сапармен жүр. Ол осында Жапония премьер-министрі Фумио Кисидамен кездесуден кейін Тайваньға сапары аралдың аймақтағы кво-статусын өзгертуге байланысты болмағанын айтып, ҚХР-дың Тайбэйге сапарына қатысты туындаған айыптауларына жауап берді.

Біз Азияға жолға шығар алдында талай рет Тайваньның аймақтағы кво-статусы өзгермейтінін айттық. Оған құлақ асқан ешкім болмады. Қытайдың мінезі ауыр. Олар бәрін тура мағынада түсінеді, –  деді ол.

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен де Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) саммитінде АҚШ Тайваньның кво-статусын өзгертуге қарсы екенін айтып, Құрама Штаттардың Тайваньға қатысты саясаты ешқашан өзгермегенін ескертті.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама