Ажар Ғиният қазақстандықтарға 6 ай сайын вакцина алуға кеңес берді

Дәурен Ерболат

Қазақстанда күніне 2 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталып жатыр

Фото: ТАСС

СOVID-19-дан қорғану үшін 6 ай сайын вакцина алу керек. Бұл Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ғалымдардың айтуынша, 6 ай сайын ревакцинаны алып тұрған дұрыс. Өйткені, коронавирус қайта-қайта мутацияға ұшырап, вирус өршуде. Сіздер оны көріп отырсыздар. Қазақстанда коронавирустың алтыншы толқыны жүріп жатыр. Аурудан сақтанудың жалғыз жолы – вакцина алу. Сондықтан 6 ай сайын иммунитеңізді қорғап тұрған дұрыс, - деді Ажар Ғиният ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін 2700-ден аса адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Сондай-ақ осыған дейін қазақстандықтар енді 6 ай сайын вакцина алуы керегі хабарланған еді.