×

Жетісу облысында шекара бұзған Қытай азаматы ұсталды

Сонымен қатар шекара бұзған Ресей азаматтары қолға түсті.

 Халық үні 03.08.2022 | 20:45
Фото: ҰҚК/gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған шетел азаматтарының ұсталғанын хабарлады. 

31 шілдеде Жетісу облысы Панфилов ауданында шекарашылар Мемлекеттік шекараны бұзушылардың жолын кесті. Қытай азаматы Қазақстан шекарасынан өтіп, Еуропа елдеріне кетпек болған.

Сонымен қатар шекара бұзған Ресей азаматтары қолға түсті.

2022 жылғы 2 тамызда ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы бөлімшесі мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін Қазақстанның аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынбақ болған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған құқық бұзушыларға қатысты уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама