×

Головкин үздік он боксшының қатарына қосылды

Оның қарсыласы Сауль Альварес бірінші орында

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2022 | 18:05
фото: ашық дереккөз

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде сегізінші орынға көтерілді.

BoxRec.com әлемнің үздік боксшыларының тізімін жариялады.

Бұл туралы Fighter Channel Telegram-арнасы хабарлады.

Бірінші орында мексикалық Сауль Альварес, екінші орында АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд тұр. Мықтылардың үштігіне ресейлік Дмитрий Бивол кірді.  Ал Геннадий Головкин сегізінші орынға жайғасты.

BoxRec варианты бойынша 2022 жылдың тамыз айындағы pound-for-pound боксшыларының рейтингі төмендегідей:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

3. Дмитрий Бивол (Ресей);

4. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);

5. Александр Усик (Украина);

6. Эррол Спенс-кіші (АҚШ);

7. Наоя Иноуэ (Жапония);

8. Геннадий Головкин (Қазақстан);

9. Шакур Стивенсон (АҚШ);

10. Деонтей Уайлдер (АҚШ).

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында (АҚШ) үшінші жекпе-жек өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама