Алматыда 1,3 мыңнан астам салымшы алданған қаржы пирамидасы анықталды
Ұйымдастырушылар қамауға алынды
Алматыда қазақстандықтарды алдаған тағы бір қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті Innova Gold қаржы пирамидасының жолын кесті.
Салымшылардың жалпы саны 1300-ден асады. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр. Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Егер сіз немесе туыстарыңыз Innova Gold қызметінен зардап шексе, агенттіктің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласа аласыз:
- +7(7172)708-478.