Депутаттар, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге қатысты мораторий: қаулы қабылданды

Халық үні

Тоқаев бес жылдық мораторий қабылдау туралы сөз қозғаған

фото @ Алиакбар Қадырбаев

Парламент депутаттарының, Үкімет мүшелерінің және әкімдердің жалақысын көтеруге қатысты мораторий жариялау туралы қаулы қабылданды.

Сонымен қатар, премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді.

Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік және квазимемлекеттік сектор субъектілері тізілімінің веб-порталдарында жарияланады.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, депутаттар мен әкімдердің жалақысы көтеруге қатысты бес жылдық мораторий жариялау туралы айтқан.