×

Министрлер, депутаттар мен әкімдердің жалақысы өспейді

Алдағы бес жылда министрлер, депутаттар және өңір әкімдерінің айлығы көтерілмейді

 Ербол Тұрымбет 11.01.2022 | 13:00
коллаж: halyq-uni.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бес жылдық мораторий жариялады. 

Үкімет пен депутаттардың және әкімдердің еңбекақысы әрі шығысы өткен жылдың соңында қызу талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы толыққанды жеткілікті. Сондықтан олардың айлығын өсіруге бес жылдық мораторий жариялау мүмкін деп ойлаймын. Әлбетте, депутаттар үшін оның онша жағымды жаңалық емес екенін түсінемін. Дегенмен түсіністікпен қабылдайды деген ойдамын, – деді Президент. 

Оның айтуынша, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы экономика және бюджет мүмкіндігіне қарай көтеріледі.

Бұған дейін Тоқаев утилизация алымы мөлшерін қайта қарауды тапсырған болатын. Сондай-ақ «инфляция 3-4% аралығынан аспауы керек» деген еді.

Бүгінгі Мәжіліс отырысында Қазақстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды. Бұл қызметке Әлихан Смайылов келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама