×

Алматыда ер адам досының 11 жастағы қызын зорламақ болған

Бала айғайлап көмек сұраған... 

 Халық үні 02.08.2022 | 23:25
фото: ашық дереккөзден

Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында М. есімді ер адам туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келген. Бәрі ұйықтап кеткен соң қонақ бөлмеде досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала айғайлап көмек сұраған. Көмекке әкесі мен ағасы келген.

«Олар полиция шақырып, күдіктіні қылмыс орнында жедел ұстауға мүмкіндік берді. Кейін ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Жасалған құқықбұзушылықтың барлық мән-жайын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жүргізілді, оның қорытындысы жәбірленушінің, куәлардың және күдікті М. есімді ер адамның мойындауы, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлауға оқталу") бойынша қылмыс жасады деген айып тағуға жеткілікті болды», - делінген хабарламада.

Алатау аудандық соты кінәлі М. есімді ер адамға 15 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама