×

Қарағандыда роуп-джампинг инструкторына қатысты сот үкімі шықты

Инструктор тағылған айыпты абайсызда кісі өлтіру бабына өзгертуді сұрамақ.

 Халық үні 01.08.2022 | 21:33
ашық дереккөзден

Қарағандыда 30 метрлік ғимараттан секірген Евгения Леонтьеваның өліміне кінәлі деп танылған роуп-джампинг инструкторы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар Александр Музникас марқұмның жақындарына 6 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді.

«Александр Музникас ҚР ҚК 306-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді», - деді судья Манат Жұмақаева.

Алайда Музникас өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Жақын күндері апелляциялық шағым түсірмек. Тағылған айыпты абайсызда кісі өлтіру бабына өзгертуді сұрамақ.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама