×

Тоқаевтың тапсырмасы: Павлодар облысы әкімінің тағы бір орынбасары қызметінен босатылды

1 тамыздан бастап Павлодар облысы әкімінің Экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Динара Шаймұратова қызметінен кетті.

 Халық үні 01.08.2022 | 18:28
ашық дереккөзден

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың бір орынбасары қызметінен босатылды. 

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2022 жылдың наурыз айында аймақ басшысының орынбасарларының саны бесеуден төртке дейін қысқартылған еді. Сонымен қатар, өткен жылы штат санының лимиттерін қысқарту барысында 10 ауданның әкім орынбасарлары мен 15 облыстық басқарма басшысының бір орынбасарлары қысқартылған еді. 2021 жылы Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілердің штаты 15%-ға қысқарды.

1-тамыздан бастап Павлодар облысы әкімінің Экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Динара Шаймұратова қызметінен кетті. Бұл лауазымға ол 2021 жылы сәуір айында тағайындалған. Осылайша Павлодар облысы әкімінің үш орынбасары  – О.Крук, А.Құрманова, М.Өтешов қалды, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың екі орынбасары қызметінен кетті. Олар – Ғани Нығметов және Тимур Сұлтанғазиев.

Нұр-Сұлтан қаласы және бірнеше облыс әкімдігінде қысқарту болды. Оның ішінде Түркістан облысы әкімдігінде 15 штат қысқартылды. Оның ішінде облыс әкімі орынбасарының бір штаты қысқартылған. Қазір Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің 4 орынбасары қызметін жалғастырып жатыр.

Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың орынбасарларының бір штаты қысқарды. 2022 жылдың маусымында облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кіріскен Бекбол Орынбасаров бас маман қызметіне ауыстырылды

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама