Қазақстанға Рим Папасы келе жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Ол 13 қыркүйекте Президенттің шақыруымен келеді

фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.