×

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон үйленді

Тойға 200 адам қатысты

 Дастан Жұмабекұлы 01.08.2022 | 15:43
фото: ашық дереккөз

Борис Джонсон мен Кэрри Джонсонның үйлену тойы Ұлыбритания Консервативті партиясының демеушісі Лорд Бэмфордтың жекежайында өтті. Оған 200-ге жуық қонақ келген.

«Daily Mail» басылымының хабарлауынша, той ашық алаңқайда болған.

Қалыңдық Кэрри Джонсон той көйлегін сатып алудан бас тартып, сәнгер Саванна Миллерден құны 3500 фунт стерлинг (шамамен екі миллион теңге) тұратын киімді 25 фунт стерлингке (14 мың теңге шамасында) жалға алған. Мерекелік шараға Джонсонның әпкесі мен әкесі, журналист Рэйчел Джонсон, актриса Холли Вэлэнс, саясаткерлер Джейкоб Рис-Могг, Надин Доррис қатысқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама