×

Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады

Бибісара 17 жасында блицтен әлем чемпионы атанды

 Халық үні 31.01.2022 | 17:39
Фото: akorda.kz

Президент Варшавада өткен әлем чемпионатында шахматтың «блиц» түрінен алтын және «рапид» бойынша күміс медаль иеленген жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтады.

Бибісара Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, спорттағы мансабына қатысты алдағы жоспарымен бөлісті.

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін атап өтіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Шахматтан Польшада өткен біріншілікте 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы (FIDE World Rapid and Blitz 2021) атанды. Қазақстандық шахматшы 17 кезеңде 14 ұпай жинады

Жарысқа 50 елден 200-ге жуық спортшы – әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, қазіргі ел чемпиондары және әлемнің рейтингі жоғары шахматшылары қатысты. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры - 1 000 000 АҚШ доллары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама