Иранда 251 адам дарға асылды

Дастан Жұмабекұлы

Қазір дүниежүзінің 144 елінде жазаның бұл түрі жойылған

фото: zerkalo.az

Биыл жыл басынан бері Иранда 251 адам дарға асылды.

146 адам өлтіру бабымен дарға асылса, 86 адам есірткі саудасына байланысты қылмыскер деп танылып, айыпталған.

Құқық қорғаушылар жазаның мұндай түрін «адам өміріне қол сұғушылық» деп бағалап отыр. Олардың айтуынша, Иранда дарға асылғандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Есепке тек тексерілген ақпараттар ғана енгізілген.

Биыл бірінші жартыжылдықта Иранда күніне кем дегенде бір адам дарға асылады, –  деді құқық қорғаушы Даяна Эльтахеви.

Қазір дүниежүзінің 144 елінде дарға асу жойылған.