Halyq Uni логотип
×

Алматыда кезекті заңсыз салынып жатқан тұрғын үй сүріледі

Көппәтерлі кешен рұқсат қағазынсыз болған

 Дастан Жұмабекұлы 29.07.2022 | 13:36
Алматыда кезекті заңсыз салынып жатқан тұрғын үй сүріледі
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сот Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешенін сүру жөнінде шешім шығарды деп хабарлады.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қала құрылысын бақылау басқармасы тұрғын үй кешенін тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады.

4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжатынсыз басталған.

Тексеру нәтижесі бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан кешенді бұзу туралы талап арыз жазылды.

Нәтижесінде сот шешімімен заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енетін уақытын күтіп отыр.

Бұған дейін Қазақстан сәулетшілер одағының президенті Серік Сұлтанғали Алматыда биік ғимарат салуға болмайтынын, бұл жер сілкінісі болғанда қазақстандықтарға қауіп төндіретінін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама