ШҚО әкімі аппаратында 9 адам қысқартылады
Шығыс Қазақстан облысы әкімді Даниал Ахметовтің екі орынбасарының штаты қысқарады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі Halyq Uni ақпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында айтты.
Қазір облыс әкімінің бес орынбасары бар. Олар: Алмасхан Сматлаев, Шәкәрім Бұқтұғұтов, Ержан Нұрбаев, Нұржан Жұмаділов және Азамат Мұхамедчиов. Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарларының штат санын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Облыс әкімі орынбасарларының штат санын 2 бірлікке қысқарту жоспарланған. Қысқартылған әкім орынбасарының міндеті қалған үш орынбасар арасында бөлінеді, - делінген ақпаратта.
Алайда бес орынбасардың ішінде кімнің қызметінен кететіні әлі айтылмады. Сондай-ақ облыс әкімі орынбасары штат санының қысқартылуына байланысты әкімнің басқа орынбасарларының жалақысын көтеру қарастырылмаған.
Сондай-ақ облыс әкімі аппаратында жалпы 9 адам қысқартылады.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздағы Жолдауында облыс әкімдігі аппаратында мемлекеттік қызметшілер санын оңтайландыру туралы тапсырма берді. Содан кейін Түркістан облысы әкімдігінде 15 штат қысқартылғаны хабарланды. Оның ішінде әкім орынбасарының бос тұрған штаты да қысқартылған.
Ал елорда әкімі Алтай Көлгіновтің екі орынбасары қысқарды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің төрт орынбасары қызметін жалғастырып жатыр.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің екі орынбасарының штаты қысқарды. Оның бірі бос тұрған, қызметінен Тілепберген Каюпов кетті.