×

БҚО әкімінің екі орынбасарының лауазымы қысқарды: бір адам қызметінен кетті

Қазір облыс әкімі Ғали Есқалиевтің үш орынбасары бар

 Айгерім Таубай 27.07.2022 | 14:36
коллаж: Халық үні

Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиевтің екі орынбасарының лауазымы қысқартылды, алайда бір адам қызметінен босатылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазір облыс әкімінің үш орынбасары бар. Қазақстан президентінің облыс әкімдігі аппаратында мемлекеттік қызметшілер санын оңтайландыру туралы тапсырмасынан кейін облыс әкімінің екі орынбасарының лауазымы қысқартылды.

Президент тапсырмасынан кейін облыс әкімінің екі орынбасарының лауазымы қысқартылды. Қысқарған облыс әкімі орынбасарының аты-жөні – Тілепберген Каюпов. Екінші лауазым бос болды, - делінген Батыс Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында.

Әкімдік аппаратында бұдан басқа штат саны қысқартылмаған.

«Қызметінен босатылған облыс әкімі орынбасарының міндеті облыс әкімі мен оның үш орынбасары арасында бөлінді. Жүктеме артылған лауазымды тұлғалардың жалақысы өспейді», - деп хабарлады әкімдік.

Ал мемлекеттік қызметші бұл шешімге келіспесе, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 100-бабы 6-бөлігіне сәйкес қабылданған шешімге шағым жасай алады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратында әкімнің 2 орынбасарының лауазымы қысқарғаны хабарланды. Қысқартылған қызметкерлер – Ермек Қизатов және Берік Жәкенов. Бірі энергетика мен коммуналдық шаруашылыққа, енді бірі әлеуметтік салаға жауап берген. Қазір Алтай Көлгіновтің төрт орынбасары бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама