Ақтау полициясы жағажайда кіші дәрет сындырған әйелді тапты

Қанат Атаманов

Бұл оқиға 27 шілдеде кешкі сағат 19.00-де «4А» шағынауданындағы жағажайда болған

Фото: ашық дереккөздерден

Тәртіп сақшылар демалушылардың көзінше жағажайда ұятты іс жасаған келіншектің жеке басын анықтады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп бұзушы Ақтау қаласының 49 жастағы тұрғыны екен. Бұл оқиға 27 шілдеде кешкі сағат 19.00-де «4А» шағынауданындағы жағажайда болған. Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы («Жалпы пайдалану орындарының ластануы») бойынша әкімшілік хаттама жасады, - деді басқарма өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің қоғамдық жағажайда дәрет алып жатқан сәті түсірілген видео тараған болатын.