Қазір технологиялық ақауды жою жұмыстары жалғасып жатыр
Атырау мұнай өңдеу зауытында электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында 27 шілде сағат кешкі он шамасында электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.
27 шілде сағат сағат 23:00-де электр энергиясын төмендетуге байланысты тоқтатылған зауыт қондырғыларын жөндеу және іске қосу жұмыстары басталды. Тексеру барысында жабдықтың іске жарамды екені анықталы, – делінген компания таратқан ақпаратта.
Қазір технологиялық ақауды жою жұмыстары жалғасып жатыр. 28 шілдеде қондырғыларға шикізат беріледі деп жоспарланған.
Айта кетейік, 27 шілдеде Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясының кернеуін төмендету тіркелді, соның салдарынан зауыт «KEGOC» АҚ-ның сыртқы желілерінен ажырап, зауыт жұмысы тоқтаған.
Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталды.
27 шілдедегі жағдай бойынша зауытта 26 мың тонна автобензин, 22 мың тонна дизель отыны және 4 мың тонна авиакеросин қоры бар. Бұл ресурстар тұтынушыларға жіберіледі.