×

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты

«KEGOC» электроэнергиясын ажыратуына байланысты мұнай өңдеу зауытында электр энергиясының қуаты азайған

 Айнұр Асылбекқызы 27.07.2022 | 19:42
Halyq Uni

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шығып, зауыт жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «KEGOC» АҚ-ның электроэнергиясын ажыратуына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясының қуаты азайған.

Содан зауыттың жұмысы апатты жағдайда тоқтады.

Апатты жағдайдың алдын алу мақсатында сыртқы электрмен қамту жүйесін толық қалыпқа келтіргенге дейін технолгиялық регламентке сәйкес, зауыттың отын желісі алау жүйесіне жолданды.

Бұдан бөлек, баспасөз қызметі «KEGOC» тарапынан электр энергиясынан ажырату жоспарланбағанын атап өтті. Айта кетейік, бұл өндірістің жұмысына кері әсер етіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама