×

WhatsApp-тағы әңгіме кісі өліміне алып келді

Бұрын сотталған азамат танысының жүрек тұсына пышақ сұққан

 Дастан Жұмабекұлы 28.07.2022 | 16:00
Көрнекі фото

Астанада WhatsApp-та екі адам бір-бірімен хат жазысып, оның соңы жанжалға ушығып кеткеннен кейін Т. есімді азамат танысын пышақтап кеткен.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының соты хабарлады.

Танысының жүрек тұсына пышақ сұққан адам көп ұзамай ұсталды. Ол бұрын сотталған болып шықты.

Енді ол Қылмыстық кодекстің  99-бабының 1-бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама