Астанада таксист болған гастарбайтерлер ұсталды

Дастан Жұмабекұлы

Олар «Yandex-пен» жолаушы тасымалдаумен айналысқан

фото © Нұрдәулет Әбікен

Астанада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде 26 заңсыз такси жүргізушісі ұсталды.

Полицейлер бір күнде құжатсыз «такси» қызметімен айналысқан Өзбекстан мен Тәжікстанның үш азаматын ұстады.

Олар «Yandex» мобильді қосымшасы арқылы жолаушы тасымалдаумен айналысқан.

Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды.