Ресейде блогер краннан құлап, қаза тапты

Дастан Жұмабекұлы

Ол TikTok-қа видео түсірген

фото: vesti.ru

Кабина 32 жастағы әйелмен бірге 12 метрлік биіктіктен құлады

Ресейдің Түмен қаласында жүк тиеу кезінде қатты желдің кесірінен кран құлап, Эльвира Демидова есімді танымал TikTok блогер қаза тапты.

Бұл туралы Vesti.ru хабарлады.

32 жастағы әйелмен 12 метрлік биіктіктен құлады. Ол краншы болып жұмыс істеп, TikTok-та өзінің жұмысын көрсетіп, видео түсіріп танымал болған. Блогердің соңынан екі баласы қалды.