Індетті 78 елде 18 мыңнан астам адам жұқтырды
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова бүкіл халықты маймыл шешегіне қарсы жаппай вакциналаудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.
Ол ДДСҰ-ның мәліметіне қарағанда, Қазақстан маймыл шешегінің таралу қаупі аз елдер қатарына жататынын айтты.
Қазір жер-жүзінде 78 елде маймыл шешегін 18 мыңнан астам адам жұқтырды. Олардың 70% – Еуропада.
Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс елдерге маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцинациялауды ұсынбайтынын, ол тез жұқтыратын адамдарға ғана екпе жасау керектігін айтты.
Өткен аптада ДДСҰ індетті Халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп таныды.