×

Атырауда қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті

Бастысы, адам шығыны жоқ

 Айнұр Асылбекқызы 27.07.2022 | 23:36
фото: білім басқармасынан

Атырау облысында 27 шілдеде қатты жел соғып, Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін N26 Сырым Датов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шатырын ұшырып әкетті.

Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдай облыс басшылығының қатаң бақылауында тұр. Адам шығыны жоқ. 

Айта кетері, мектеп 1992 жылы салынған. 624 орынға арналған мектепке келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама