Медицина университетінің экс-проректоры пара алғаны үшін сотталды

Дастан Жұмабекұлы

М. Дәулетьярова 10 000 АҚШ долларын алып, 47 000 доллар бергісі келген

Фото: gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М. Дәулетьярова үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жеке компаниялардың басшысы Э. Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізіп беруге көмегі үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алып, делдал М. Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындалуға 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Капаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.