×

Украинаның 17 млн гектар ауыл шаруашылығы жері шетелдік корпорацияларға сатылған

Бұл – Cargill, Dupont және Monsanto компаниялары

 Қанат Атаманов 27.07.2022 | 06:00
Фото: ашық дереккөздерден

Украинаның барлық егістік жерлерінің үштен бірі АҚШ-тың үш ірі трансұлттық корпорациясына тиесілі, деп хабарлайды австралиялық National Review порталы.

Бұл – Cargill, Dupont және Monsanto компаниялары. Трансұлттық корпарациялар құжат бойынша неміс-австралиялық болғанымен, негізгі капиталы солтүстікамерикандық.

Салыстырар болсақ, Италияда 16,7 миллион гектар ауыл шаруашылық алқаптары бар. Басқаша айтқанда, АҚШ-тың бар-жоғы үш компаниясы Украинаның бүкіл Италияға қарағанда пайдалы ауыл шаруашылығы жерлерін меншігіне өткізген. 

Осы үш компанияның негізгі акционерлерінің бірі – Vanguard мен Blackstone Blackrock фирмалары. Алғашқысы 6 триллион, ал соңғысы 10 триллион долларға дейінгі активтерді басқаратын әлемдегі ең ірі инвестициялық корпорациялардың бірі.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский жер референдумсыз шетелдіктерге сатылмайды деп уәде берген болатын. Дегенмен, егістік алқаптарының 60 пайызы сатылып кеткен. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама